Қателесіп дауыс берген жағдайда бюллетеньді ауыстыруға бола ма
Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова әрбір сайлаушы өз бюллетенін бір рет өзгертуге құқылы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бюллетеньді жәшікке салғанға дейін өзгертуге болады.
"Егер сайлаушы өзі қатесін жәшікке салмай тұрып байқаса, онда учаскелік комиссияға жүгініп, жаңа бюллетень сұраса болады", - дейді Айгүл Қалықова.
Сондай-ақ ол бүлініп қалған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті.
"Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады. Жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі",- деп ескертті ол.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”