Каспий теңізінің жағалауында аққулардың өлекселері табылған
Каспий теңізінің жағалауында аққулардың өлекселері табылып, қазақстандықтар алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысының экология департаменті 4А ықшам ауданында бірнеше өлі аққудың денесін тапқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар 3 сәуірде мамандар теңіз суынан сынама алып, зерттеу нәтижелерін кейінірек жариялауды уәде етті.
Әлеуметтік желіде Ақтау тұрғындары қаладағы жағалауда өлі немесе әлсіреген аққулар туралы жиі хабарлап отыр. Бірқатар алаңдаған қазақстандық ветеринарларға жүгінгенімен, құстарды құтқару мүмкін болмады деп атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда тұрғындар тағы да демалыс базасының маңынан итбалықтар мен құстардың өлекселері табылғанын айтқан еді. Айтуларынша, бұл өлекселер былтыр күзден бері осы аумақта жатқан.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді