Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнай тасымалданатын Каспий құбыр консорциумының нысанына дрондар шабуыл жасады

Каспий құбыр консорциумына кіретін Кропоткинская мұнай айдау станциясына ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: КҚК

Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметінің мәліметінше, “террористік шабуылды” жарылғыш заттардан бөлек металл оқ-дәрілермен толтырылған жеті ұшқышсыз аппараттар жасаған.

Соққы араға уақыт салып қайталанып тұрды. Сондағы мақсат – нысанның жұмысын тоқтату және станциядағы жедел қызметкерлерді өлтіру. Десе де, мұнай жеткізу нысанының қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Консорциум жұмысшылары мұнай төгілу қаупінің алдын алды.

“ЖЗҚ қызметкерлерінің арасында зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлері мұнайдың төгілу қаупінің алдын алды. Залалды бағалау және станцияның жұмысын қалпына келтіру уақытын анықтау үшін бас директор Николай Горбан бастаған басшылық тобы келді. Қазір "Кропоткинская" ЖЗҚ жұмыс істемейді. Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнайды тасымалдау ЖЗҚ-ны айналып өтіп, айдаудың төмендетілген режимдеріне көшті. Кубанның Кавказ ауданында орналасқан "Кропоткинская" ЖЗҚ Ресей Федерациясының аумағындағы ең ірі КҚК мұнай айдау станциясы саналады, – делінген хабарламада.



Кубань Кавказ аймағында орналасқан Кропоткинская мұнай айдау станциясы – Ресей Федерациясындағы ең ірі Каспий құбыр консорциумының мұнай айдау станциясы.

Болған жағдайға қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.

“Каспий құбыр консорциумының тарапынан қазақстандық мұнайға ешқандай шектеу жоқ. Жұмыс штат режимінде жалғасады”, – деп мәлімдеді министрлік.

Бұған дейін Швецияда мектепте атыс болып, салдарынан 11 адам қаза тапқан еді.

Талқылау