Kaspi.kz пен OYU қазақстандық музыкаға жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, серіктестікті жалғастырады
Биыл Kaspi.kz OYU жобасын және талантты қазақ музыканттары туралы деректі фильмдердің түсірілімін тағы да қолдайды.
2021 жылы белгілі режиссер, продюсер Айсұлтан Сейітов негізін қалаған OYU Live музыкалық жобасы бірнеше жылдан бері қазақстандық музыкада жаңа есімдерді ашуда.
Жоба мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты музыканттарды қолдау және дамыту үшін кеңістік ұсыну. Орындаушылардың әндеріне тегін кәсіби түсірілімдер жасалып, OYU Live-тың YouTube-арнасына жүктеледі. Жобаға жұлдыздар да, әлі танылмаған жаңа орындаушылар да қатысады. Бұл жас таланттарға өз аудиториясын табуға және музыкалық индустрияның өкілдері – продюсерлермен, режиссерлермен, кәсіби музыканттармен танысуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жыл сайын Астана мен Алматыда 10 мыңнан астам көрермен жиналатын OYU Fest заманауи қазақ музыкасының ауқымды фестивалі өтеді.
2024 жылы Kaspi.kz OYU-дың Бас серіктесі болды, бұл жобаның жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік берді. 2025 жылы компания қазақстандық музыканың дамуына бағытталған бастамаларды қолдай отырып, серіктестікті жалғастыруға шешім қабылдады.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:
"Өткен жылы біз OYU Fest-ті қуана қолдап, осы тамаша музыкалық фестиваль мен OYU Live түсірілім маусымының бас серіктесі болдық. Биыл да серіктестігіміз бен достығымызды жалғастырамыз. Бұл – қазақстандықтарды заманауи қазақ музыкасы төңірегінде біріктіретін тамаша жоба. Бастысы – жас талантты орындаушыларға жол ашу. Айналамыздағы әлемді жақсы және әдемі етуге ұмтылатын біздің командаларымыздың арасында жақсы серіктестік қалыптасты".
Айсұлтан Сейітов, OYU негізін қалаушы:
"Биыл бізге 5 жыл болады, және мен сіздермен ортақ жеңісімізді бөліскім келеді – біздің арнамыздағы жазылушылар саны 100 000-нан асты. Бұл күміс батырма – жай ғана марапат емес, қазақ музыкасына арналған кеңістік құрып жатқанымыздың белгісі. Сіздердің әрқайсыңыз – осы оқиғаның бір бөлігісіз, және OYU сіздерсіз өмір сүре алмас еді. Махаббат, қолдау және бізге деген сенімдеріңіз үшін алғыс айтамын! Сонымен қатар, тамаша жаңалығымыз бар: біз Kaspi.kz-пен серіктестікті ұзартамыз және жаңа жобалар дайындап жатырмыз. Алдағы уақытта қандай керемет дүниелер күтіп тұрғанын көруге асықпыз! Жаңалықтарды бақылаңыз – қызық болады. OYU Fest-те кездескенше!"
2025 жылы алғаш рет жас орындаушыларға арналған байқау өтеді, оның жеңімпаздары OYU Live-тың сегізінші маусымына қатысады. Қазақ музыкасының жанкүйерлері Алматы мен Астанадағы фестивальдерде қайта жиналады. Ал осы оқиғалардың нәтижесінде үлкен сахнаға шыққан жаңа есімдер туралы деректі фильмдер түсіріледі.