Каспий жағалауынан аққулардың өлекселері табылды

Фото: lada.kz
Каспий теңізінің жағалауындағы Песчаный мүйісі маңынан Қарақия ауданының тұрғыны бірнеше өлі аққуды тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Кәсіпшілік балық аулаумен айналысатын ер адам аз уақытта жағалауда өліп жатқан құстарды екі рет байқаған. Ол құстар судың ластануынан өліп жатыр деп болжады.
“Теңіз порты маңында бұрын кемелерден балласт суы төгілген. Шамамен 10 құсты санадым. Неден қырылып жатқанын түсінбей отырмыз”, – дейді ер адам.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы 9 сәуір күні мамандар Песчаный мүйісіне барып, аумақты тексеретінін хабарлады. Нәтижесі кейінірек жарияланады.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді