Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасқыржем өсімдігінің тіс, бауыр және өзге де ауруларға қарсы емдік пайдасы

Қасқыржем (Аспарагус)– ет жеңды, тік өсетін көп жылдық өсімдік. Биіктігі 10-25см. Түп жағындағы жапырақтары ұзын, дөңгелектеу келеді де, қабатталып, дөңгелене өседі. Гүлі солғын түсті немесе солғын сары түсті болады. Таудың тасты беткейлерінде өседі.

Asparagus_officinalis_dewdrop

Жинау және өңдеу

Қасқыржемнің жер үсті бөлігінен дәрі жасалады. Жаз бен күнзде жинайды да, топырағынан арылтып, қайнап тұрған тұрған суға бір рет батырып алып, кептіреді. Қышқыл дәмді азырақ улы келеді, деп жазады Жас-Ай журналы.

Ем болатын аурулары:

Қанды тыяды және күшейтеді. Жарақаттың аузын қуырады.

1. Мұрыннан аққан қанды тоқтату үшін 500г жас қасқыржемді жуып тазалап, жәншіп нілін алады. Оған 15г шекер қосып араластырып, ыдысқа салып кептірсе, қатты денеге айналады. Осыны 1,5-3г-нан екі рет қайнаған сумен ішеді. Ашты, қышқыл тітіркендіретін заттарды жеуге болмайды.

2. Бауырдың шұғыл қабынуына 60г қасқыржем мен 30г арпа өркенін суға қайнатып ішеді.

3. Балалардың шошыну ауруына 15-18г қасқыржемді суға қайнатып ішеді.

4. Несеп ылайланып келгенде, қасқыржемді суға қайнатып, ақ шекер қосып ішеді.

5. Кептірілген қасқыржем шөбін өртеп, күлін алып, өсімдік майын араластырып, денедегі қышыма бөрткенге жақса, ауырғанды басып, қышығанды тоқтатады.

6. Ұзаққа созылған шиқан, сыздауыққа қасқыржемнен белгілі мөлшерде алып, азырақ ас тұзын қосып, жаншып, дайындалған дәріні жараның бетіне күніне екі рет жағады.

7. Езуге ауздық шыққанда, қасқыржем мен жемжемілден белгілі мөлшерде алып, азырақ тұз қосып, жаншып жағады.

8. Отқа немесе суға күйген күйікке қасқыржем мен аршаның жас бүрін қосып жаншып, жараға таңады не кептіріп, ұнтақтап жараға себеді.

9. Тістің еті ісініп, ауырғанда, қасқыржем мен ашудастан тең мөлшерде алып, суға қайнатып ауызды шайқайды. Жалпы пайдалану мөлшері 15-30 г болу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Көк шайдың нақты қандай дертке дауа екенін білесіз бе?

Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?

Шығыс-тибет медицинасының жетекшісі әр күнге арналған пайдалы 10 кеңесін ұсынды

Талқылау