Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаскөйдің қолынан мерт болған судья Алматыда жерленді

Көкшетауда өлтірілген судья Жанна Бердіғұлова Алматыда жерленді. Ақмола сотында бірге істеген әріптестері бірнеше жыл жұмыс істеген ғимаратта судьяны бір минут үнсіздікпен еске алды.

2532588

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша коллегия төрайымы Жанна Бердіғұлова бірнеше күн бұрын өз пәтерінде өлтірілген. Әріптестері бұдан бұрын хабарлағандай, әйел адам туған қаласы Алматыға судья болып ауысуға құжат тапсырған екен.

Полиция мәліметінше, судьяны жуынатын бөлмеде тұншықтырып өлтірген. Жедел іздеу шаралары нәтижесінде сол күні полицейлер Көкшетауда тұратын күдіктіні ұстады. Ол 1984 жылы туған, бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Әріптестері Жанна Бердіғұлованың өз ісінің нағыз маманы болғандығын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық кейуана 20 жылдан бері қызынан таяқ жеп келе жатқанын айтып жылады

Көшеге дәрет сындырған жiгiттi қызылордалық полицейлер сотқа жалаңаяқ сүйреп әкелді (видео)

Талдықорғандық жігіт көлікті тісімен еркін сүйреп жұртты өзіне қаратты (видео)

Қостанайда екі азамат тауып алған ақшаны иесіне қайтарудан бас тартты (видео)

Талқылау