Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КАСКО-мен міндетті автосақтандыру: Айырмашылығы неде және артықшылығы қандай

КАСКО

Қазақстанда 2025 жылы 36 мыңнан аса жол апаты тіркелген. Қозғалыс кезіндегі оқыс жайттың шығынын көп жағдайда міндетті автосақтандыру өтейді. Дегенмен міндетті сақтандыру тек бір тараптың шығынын жабады. Сондықтан сарапшылар міндетті сақтандырумен қатар КАСКО рәсімдеуге де кеңес береді. Stan.kz тілшісі КАСКО мен міндетті автосақтандырудың айырмашылығы мен артықшылығын салыстырып көрді. 

Автокөлікті міндетті сақтандыруды барлық көлік жүргізушісі рәсімдеуі қажет. Бұл полис сізді емес, сіздің кінәңізден зардап шеккен адамды қорғайды. Апатты сіз тудырсаңыз, екінші жақтың көлігін жөндеу, денсаулығына келген зиянды өтеу міндетті сақтандыру есебінен жүреді. 

Өтемақының жоғарғы шегі заңмен белгіленген: мүлікке келген зиян үшін 1 200 АЕК (шамамен 4,1 миллион теңге), денсаулыққа зиян келен жағдайда 2 000 АЕК (шамамен 6,9 миллион теңге)

Ал КАСКО көлігіңізді кез келген зақымнан қорғайды. Тіпті аулада тұрғанда көлігіңізге ағаш құлап кетсе де, КАСКО арқылы шығынды өндіріп алуға болады.

“Көбі көліктердің барлығында сақтандыру бар деп ойлайды, бірақ бұл жаңсақ пікір. Бірі міндетті сақтандыруды рәсімдейді, енді бірі мүлде сақтандырусыз жүреді. Міндетті автосақтандырудың бағасы төмен, әйткенмен бұл көлігіңізді толық қорғамайды. Ал КАСКО арқылы автокөлікті барлық оқыс жайттан сақтандыра аласыз”, – дейді “Халық” сақтандыру компаниясы Өңірлік бизнесті дамыту департаментінің бас маманы Нұрбек Алик. 

Фотода Нұрбек Алик/Stan.kz

КАСКО – ерікті сақтандыру. Сондай-ақ КАСКО арқылы төленетін өтемақы көлемі де жоғары болады. 

“КАСКО-ны рәсімдеген соң міндетті автосақтандыруды да алу керек, алайда екеуінің айырмасы жер мен көктей. Мысалы, аулаға қойған көлігіңізді біреу сырып кетті, ал кінәлі адамды таппай қалдыңыз. Осындай сәтте сізде КАСКО болса, шығынды өндіріп аласыз. Тіпті көлік ұрланса, жанып кетсе де, бұл полис барлық жағдайды қамтиды”, – деп қоcты Нұрбек Алик. 

Жол апатынан зақымдалған көлік/Stan.kz

Маманның сөзінше, қазақстандықтардың басым бөлігі КАСКО-ны бағасына бола алмайды. Ал “Халық” компаниясында КАСКО-ның бірнеше түрі бар. 

“КАСКО бағасы көліктің құнына қарай есептеледі. Орта есеппен бұл 200-300 мың теңге аралығында. Егер 200 мың теңгені 365 күнге бөлсек, көлікті толығымен сақтандыру сізге күніне 548 теңгеге түседі. Егер көлік паркингте тұрса, онда полис конструкторы арқылы “Ұрлап кетуден сақтандыруды” алып тастауыңызға болады. Осылай полис арзандайды”, – деп қосты ол. 

“Халық” сақтандыру компаниясында КАСКО-ның келесі түрлері бар

  • HALYK КАСКО;
  • КАСКО Light;
  • АҚЖМС + КАСКО.

HALYK КАСКО арқылы көліктің жылы мен құнына қарай келесі қауіп-қатерден сақтандыру түрлерін қосуға болады: 

  • Жол-көлік оқиғасы;
  • Автокөлікке заттар құлауы;
  • Автокөліктің толық жойылуы;
  • Заңсыз әрекеттер;
  • Автокөлікті айдап әкету;
  • Автокөліктің өртенуі;
  • Табиғи апаттар;
  • Жер астына құлау;
  • Әйнек, оптика зақымданған жағдайда және оңай алынатын элементтер ұрланған кездегі төлемдер.

Сонымен қатар жүргізушілер HALYK КАСКО-ның тарифтерін таңдай алады: 

  • Тариф Standard: құны 50 миллион теңгеге дейінгі автокөліктер үшін;
  • Тариф VIP: құны 80 миллион теңгеге дейінгі автокөліктер үшін;
  • Полисті жинау: құны 100 миллион теңгеге дейінгі автокөліктер үшін.

Ал КАСКО Light небәрі 2 минутта рәсімделеді. Полис құны тарифке қарай өзгереді:

  • Жылына 18 000 теңге, 300 000 теңгеге дейін төленеді;
  • Жылына 30 000 теңге, 500 000 теңгеге дейін төленеді;
  • Жылына 48 000 теңге, 800 000 теңгеге дейін төленеді.

АҚЖМС + КАСКО-да міндетті және ерікті сақтандыруды бірге рәсімдеу қарастырылған. Осылай жол-көлік оқиғасы кезінде басқа қатысушыларға және өз көлігіңізге келген залалды, оның ішінде сіздің кінәңізден болған жағдайларды да өтейді.

Айта кетері, “Халық” сақтандыру компаниясында КАСКО-ны 12 айға бөліп төлеуге болады. 

Назархан Уән
Жұма, 03 Сәуір, 2026 10:01