Қасқырлар туралы таңғажайып 8 мәлімет
Қасқыр адамдарда аралас сезім тудырады. Кейбір мәдениеттерде оларға үлкен құрметпен қарайды, ал басқаларында үй жануарларының көзін құртып, уақыт өте адамдарға да шабуыл жасай бастағанына байланысты ұнатпайды. Бірақ, қасқырларды зерттеген әлемдегі ең басты мамандардың бірі доктор Дэвид Меч бұл жыртқыштардың бірегей ерекшеліктері бар дейді. Сондықтан көптеген адамдар қасқырлар туралы білмейді немесе қате пікірде болып жатады, деп жазады Stan.kz.
Белгісіз мәліметтер
Зерттеушілер қасқырлардың мінез-құлқын, олардың әлеуметтік әдеттерін және өздерінің өмірін қамтамасыз ететін тәсілдерін бірнеше рет зерттеді. Қасқырларды зерттеумен айналысқан доктор Меч өзінің 50 жылдық жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, сұр жыртқыштар туралы көпшілікке белгісіз бес мәліметті келтірді:
1. Қасқырлар бақылайтын аумақтың мөлшері ол жердегі жыртқыштардың санына байланысты. Аумақта жемтік аса көп болмаса қасқыр тобыры мекендейтін жер елу шаршы шақырымнан бірнеше жүзге дейін өзгеруі мүмкін. Ал қасқыр тобырының бірлесіп ұлуы басқа қасқырларға азық жоқ екенін ескертіп, бұл аумаққа келмеуін білдірудің бір жолы.
2. Қасқыр адамдарға ерекше жағдайларда ғана қауіпті. Бүгінгі таңда қасқырлар арасында құтыру ауруы таралуының алдын-алу тиімді жасалып жатқандықтан, бұл жыртқыштардың адамдарға кездейсоқ шабуылдар жасауы азайып бара жатыр. Көптеген қасқырлар мекендейтін жерлерде адамдар, керісінше, өздері оларды аулайды және қақпан құрады.
3. Қасқырлар бірінші кезекте қауіпті емес аңды таңдайды. Олар әсіресе, кәрі, өте жас, аш, жаралы немесе ауру жануарларға, яғни әлсіздерге шабуылдайды.
4. Әдетте, қасқырлар өз аумағында жемтік санын азайтпайды. Алайда, ерекше жағдайларда (қыс бірнеше жыл қатарынан суық болса немесе ұзақ құрғақшылық, я болмаса таралу аумағы азайып бара жатса) жергілікті жануарлар дүниесінің санын азайтып, тіпті толықтай жойып жібереді.
5. Қасқырлардың кез-келген аумағында өмір сүріп жатқан мал саны осы аумақтағы жемтіктің жалпы массасына тікелей пропорционал. Бұл факт анық көрінуі мүмкін, бірақ жемтік саны неғұрлым көп болса, қасқырлар саны соғұрлым көп болуы мүмкін.
Қасқырлармен өмір сүру
Доктор Меч 25 жыл бойы жаз айларында Канаданың арктикалы Элсмир аралында қасқырларды зерттеумен болды. Оның айтуынша, осы сапар кезінде ол қасқырлар туралы жалпыға ортақ түсініктерге сәйкес келмейтін көптеген фактілерді білді.
Осы мәліметтердің кейбіреулері өте маңызды емес, ал басқалары біздің түсінігіміздегі жалпы көріністі толықтырады. Бірақ, олардың арасында мамандар маңызды деп санайтын нәрселер де бар. Олардың үшеуі:
1. Жаңа теорияға сәйкес, қасқырлар бәсекелестермен жекпе-жекте жеңіске жеткеннен емес, өзінің сыңарын тауып, ұрпақ қалыптастырғаннан кейін, жаңа тобыр құра отырып басшы болады.
2. Арктиканың қасқырлары тәуліктік поляр түні жағдайында күшіктер қозғалуға қабілетті болғанда, қыста да орын ауыстырып, көше береді.
3. Аң аулау кезінде қасқырлар кейде «сақтық және жоғары ұйымдастырылған ойлаудың өзге белгілерін» көрсетеді.
Күшті әсер
Зерттеу жылдарында қасқырлар маманды бірнеше рет таңғалдырды.
Меч жараланған қасқырға жақын таныс тобырдың шабуыл жасағанын көріп, қатты таңданды. Кейінірек бұл қасқыр өлді.
«Қасқырлардың кезінде бір-біріне жақын болған жолдастарына шабуыл жасап, өлтіріп тастағанын жақыннан көру мені қатты таңдандырды»,- дейді ғалым.
«Сондай-ақ, бір тобыр қасқырдың менен бес метр қашықтықта жұпарлы өгіздің бұзауын тартып, жеп тастағанын да өз көзіммен көріп қатты таңғалдым», - деп қосады ғалым.
Сонымен бірге, ол бір жасар қасқырдың қоянды әдейі өлтірмей бөлтірікке апарғанын да өз көзімен көргенде қатты таңданған.
Тағы оқыңыз: Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет