Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпті дамыту үшін несиені қалай пайдаланған дұрыс?

Кәсіпкер несие арқылы кәсібін кеңейтіп, дамыта алады. Бірақ ол үшін пайда әкелетін несие түрін таңдаған жөн. Бұл материалда Stan.kz ақпарат агенттігі мен ЦентрКредит Банкі кәсіпті дамыту үшін несиені тиімді пайдаланудың жолын айтады. 

Иллюстрация: Stan.kz

Несие – кәсіпкерлерге өз қызметін кеңейтуге, жаңа технологияларды енгізуге және компанияның қаржылай жағдайын нығайтуға мүмкіндік беретін, бизнесті дамытудың қуатты құралы. Дегенмен пайданы арттыру және қауіп-қатерді азайту үшін несиені қалай дұрыс пайдалану керек екенін түсінген маңызды.

Қаржыгер Әйгерім Кариеваның айтуынша, несиені кәсіптің айналым капиталын толықтыру, кәсіпті кеңейту, сатылымды арттыру, маусымдық қорды толтыру және тағы басқа пайдалы мақсатта қолдануға болады. 

Несиенің қандай түрлері бар?

Несие мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді (3-10 жыл), орта мерзімді (1-3 жыл) және қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) болып бөлінеді. Ал өніміне байланысты мақсатты және мақсатты емес деген түрі бар.

“Мысалы, кәсіпкер құрылыс материалдарын сатып алу үшін несие алды. Бұл мақсаты бар несие болып саналады. Мұндай несиенің әдетте пайыз мөлшерлемесі төмен келеді. Оны алған адам банкке шығындары туралы есеп беруі керек. Ал мақсатты емес несиелер, керісінше, қаражаттың қалай жұмсалатыны нақтыланбай беріледі. Кредитор оны өз қалауынша қолдануға құқылы”, – дейді қаржыгер. 

Несие шартына байланысты кепіл арқылы және кепілсіз, ал кредитордың мәртебесіне қарай банктік, коммерциялық ұйым, мемлекеттік, халықаралық, азаматтық болып бөлінеді. 

Кәсіпкерлер кәсібі үшін несие алғанда қандай қатені көп жібереді?

Қаржыгер Әйгерім Кариеваның айтуынша, кәсіпкердің кейбірі несие аларда қате жібереді. Сондай қатенің бірі – жылдық пайыз мөлшерлемесін түсінбейтінінде. 

“Жылдық пайыз мөлшерлемесін, оның қалай есептелетінін түсінбей жатады. Тіпті несиені де қолдану керек екенін білмейтіндер бар. Оған қоса бизнестің қаржы көрсеткіштерін есептемейді. Салдарынан қаржылай қауіп-қатерге ұрынып жатады. Кейбірі басқа қарызды жабу үшін несие алады. Қарызды операциялық шығынды өтеу үшін емес, кәсіпті кеңейту үшін алған дұрыс”, – дейді ол.

Маман кәсіпкерге несие аларда кредиттік жүктемені көбейтіп жібермеуге кеңес береді. Өйткені тым көп қарыз алса, болашақта несие өтеуде қаржы қиындықтарына тап болуы мүмкін. Оған қоса ол несиенің мерзімін дұрыс таңдау керек екенін айтады. 

“Кейде тым ұзақ мерзімге несие алып, шығындалады. Ал кейде өте қысқа мерзімге несие рәсімдеп, төлеуге қиналып жатады. Оған қоса кәсіпкерлер ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру үшін қысқа мерзімді несие алуы мүмкін, бұл ұзақ мерзімде қаражат тапшылығына әкеледі”, – дейді Әйгерім Кариева. 

Қаржыгердің сөзінше, несие алмас бұрын оны беретін ұйымдарды зерттеу керек. Себебі қолайсыз шарттар ұсынатын несиеге ілініп кетуге, тіпті алаяқтар шырмауына түсуіне әкелуі мүмкін.

Несие алмас бұрын не істеу керек?

Әйгерім Кариева несиені алмас бұрын дайындалу керек екенін айтады. 

Жоспарлау. Несиені не үшін алып жатқанын, оны қайда жарататынын толық жоспарлау қажет. Кәсіпкер несиені өндірісті кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа нарыққа қосылу сияқты мақсаты бар жоспарлар үшін алғаны дұрыс. 

Қаржы мүмкіндіктерін қарау. Несие алмас бұрын кәсіптің жылына табатын орташа табысын шамалап болжап, оның банкке өтейтін қарыз сомасынан асатынына көз жеткізген абзал. Бұл несиені қаржылай пайдалы етеді әрі кәсіпке қауіп төндірмейді. Кез келген уақытта ойламаған шығын пайда болуы мүмкін екенін де ескеру қажет, сол себепті ай сайын төлейтін міндетті шығыннан бөлек, несиені қоса есептегенде 20% ақша қоры болуы керек. 

Қарыз алатындар пайыздың көп бөлігін несие мерзімінің алғашқы үштен бір бөлігінде төлейді. Одан кейін ай сайынғы төлемдегі пайыз сомасы азая бастайды. Бірақ кез-келген жағдайда кәсіпкер өзінің қаржылай мүмкіндіктерін ескеріп, несиенің барынша қысқа мерзімді түрін таңдағаны дұрыс.

Таза келтірілген құнды есептеу (NPV ). Бұл – болашақта инвестицияның немесе жобаның қаншалық тиімді немесе тиімсіз болатынын бағалауға көмектесетін қаржы көрсеткіші. Ол болашақта болатын табысты ескеріп, одан барлық шығынды азайтып, несиені алып-алмаудың маңызын есептеп көрсетеді. 

Қаржы левередженің әсерін есептеу. Бұл – несие кәсіптің қаржы жағдайы мен табысына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш. Ол қарыз капиталының кәсіпорынның меншікті капиталына қатынасы арқылы есептеледі.

“Қаржы левереджінің әсері 0-ден төмен болса, несие алмаған жөн. Өйткені бұл бизнестің қаржы мәселелерін одан әрі нашарлатуы мүмкін. Қаржы левереджінің әсері 0-10% болса, несие алуға болады. Бірақ бұл несие бизнесті басқаруға қаншалық әсер ететінін саралаған маңызды. Кәсіпкер шығыны мен табысын дұрыс есептесе, қосымша қаржы кәсібіне пайдалы болуы ықтимал. Қаржы левереджінің әсері 10%-дан жоғары болса, қажет жағдайда несие алған жөн, себебі ол кәсіпті табысты етеді. Оған қоса орташа есеппен жылдық операциялық пайданың (EBITDA) үш мөлшерінен аспайтын немесе үш айдағы кірістен аспайтын мөлшерде несие алу қауіпсіз болып саналады.”, – дейді маман.

Тиімді несие түрін таңдау. Жоғарыда айтқанымыздай несиелер мерзіміне, мақсатына, шартына және тағы басқа факторына байланысты әртүрлі келеді. Кәсіпкер өзінің кәсібінің саласын, оған қажет соманы сараптап, өзіне тиімде болатын несиені таңдауы керек. 

Кәсіпкерлерге арналған қандай несиелер бар?

ЦентрКредит Банкі кәсіпкерлерге көмек болатын несиенің бірнеше түрін ұсынады:

StartUp Бизнес

Адамдар жаңа бастамаға “Құтты болсын” айтып көрімдік берсе, ЦентрКредит Банкі Қазақстанда кәсібін жаңадан ашып жатқандарға қолдау білдіру үшін несие береді. Олардың арнайы StartUp Бизнес деген несиесін жаңа кәсіпкерлер айналым капиталын қаржыландыру және инвестиция үшін ала алады.

Мысалы, сіз құрбыңызбен бірге гүл сататын дүкен ашқыңыз келеді, бірақ оны бастау үшін қомақты қаржыңыз жоқ. Осындай уақытта ЦентрКредит Банкі StartUp Бизнес несиесі бойынша, 50 миллион теңгеге дейін беруге мүмкіндігі бар. Пайыз мөлшерлемесі – 24,4%-дан 24,9%-ға дейін  (ЖТСМ 27,65%-дан 27,73%-ға дейін). Кәсіпкер несиені айналым капиталы үшін алса, оны 36 айға бөліп төлеуіне болады. Ал инвестиция ретінде алған несиені 60 айда төлей алады. 

StartUp Бизнес несиесіне өтініш жіберу үшін көп құжат керек емес. Банк несие беру туралы шешім қабылдаған соң, 30 минут ішінде қаржы клиенттің шотына түседі. Бұл шұғыл ақша қажет ететін кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Оған қоса банк стартаптар мен шағын бизнесті қолдайтын түрлі мемлекеттік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік береді. Осылай, кәсіпкерлер қосымша көмекке ие болады. 

Бизнес-несие

Бизнес-несие “кәсібімді дамыту үшін оған инвестиция саламын” дейтін шағын, орта және ірі кәсіп иелеріне арналған. Банк бұл бойынша кәсіпкерлерге 500 миллион теңгеге дейін несие береді. Кәсіпкер оны 84 айға дейін бөліп төлеуіне болады. Кәсіпкер несие қаржысын теңге, АҚШ доллары және еуро валютасында ала алады. Дәл осы несиені кәсіпкер қайта қаржыландыру үшін де (рефинансирование) қолдануына болады. Пайыз мөлшерлемесі – 20,25%-дан 23,75%-ға дейін (ЖТСМ 22,62%-дан 26,37%-ға дейін).

Мысалы, бір кәсіпкер екі жылға 5 миллион теңгені несие етіп алды. Ол 20,75% пайыз мөлшерлемесі бойынша, ай сайын 256 314,70 теңге төлейді.

Мұнда да көп құжат керек емес және несие өтініші тез жасалады. Сонымен қатар ЦентрКредит Банкі шағын әрі орта кәсіптерге "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Оның арқасында кәсіпкерлер қосымша жеңілдіктер мен қаржылай қолдау алады. 

Оған қоса банк кәсiпкерлердiң несие төлеу қабiлетін бағалау процесiн барынша ашық және қолжетiмдi ететiн, қаржыны жеңіл талдайтын жүйені пайдаланады. Бұл банкке тез шешім қабылдауға көмектеседі.

Өсіп келе жатқан кәсіпке арналған несие

ЦентрКредит Банкі кәсіпкерлердің өсіп келе жатқан кәсібі үшін де екі түрлі несие ұсынады: кепіл арқылы және кепілсіз. 

Алмастың бір жылдан бері жүргізіп келе жатқан асханаға қатысты шағын кәсібі бар. Енді ол оны дамытып, тағы бір жерден ашқысы келіп отыр. Оған ЦентрКредит банкінің өзі сияқты кәсіпкерлерге арналған несиенің шарттары тиімді. Себебі ол кепілсіз несие алғысы келетін жеке кәсіпкер болса, 150 мың теңгеден бастап 20 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік болса, 150 мың теңгеден бастап 50 миллион теңгеге дейін алуына болады. Бұл несие түрін теңгемен де, рубльмен де алуға мүмкіндігі бар. Кәсіпкер несиені 6-24 ай аралығы төлеуге тиіс. Ал одан да көп ақша керек болса, кепіл қойып, 250 миллион теңгеге дейін ала алады

Айналым капиталы үшін алынған несиені ең көбі 36 айда, инвестиция мақсатында алынған қарызды ең көбі 120 айда өтеуге тиіс.

Бұл несиенің пайыз мөлшерлемесі – 20,25%-дан 21,75%-ға дейін (ЖТСМ 23,01%-дан 23,18%-ға дейін).  Мұнда да кәсіпкерлер "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады. 

Жеке кәсіпкерлер үшін онлайн-кредит

Жеке кәсіпкер бұл несие түрі арқылы кепілсіз айналым капиталын толықтыруға, қызметкерлердің жалақысын төлеуге құқылы. Банк 24 айға дейін 150 мың теңгеден бастап 20 миллион теңгеге дейін береді. Пайыз мөлшерлемесі – 24, 25%-дан 27,00%-ға дейін (ЖТСМ 28.8%-дан 31,6%-ға дейін). Кейін шоттағы несие қаражатын комиссиясыз шешіп алуға болады. 

Елде пандемия сияқты күтпеген жағдай болып қалды. Серіктестеріңізбен жұмысыңыз уақытша тоқтап тұр, ақшаңыз аз, бірақ қызметкерлеріңіздің жалақысын төлеуіңіз керек. Осындай сәтте жалақы төлеуге мүмкіндік беретін онлайн-несиеге жүгінуге болады.

Несие лимиті 

ЦентрКредит Банкі несие лимиті бойынша 250 миллион теңгеге дейін қаржы береді. Кәсіпкер форс-мажор жағдайда оны қолдана алады. Несие лимитінің ұтымды тұстары туралы бұған дейінгі материалдан толық оқи аласыз. 


"Тауардың қымбаттауы, компания беделінің түсіп кетуі": Кәсіптегі қауіп-қатерді қалай шешуге болады


Бизнестегі әйелдерге арналған бағдарлама

ЦентрКредит Банкі кәсіп жүргізіп отырған әйелдерді қолдау үшін арнайы бағдарлама әзірледі. Ол бойынша, кәсіпкер әйелдер 19,5% дейінгі (ЖТСМ 20,69%-дан 23,19%-ға дейін) пайыз мөлшерлемеде несиеге өтініші жібере алады. Кәсіпкер қолына тиген қаржыны кәсібіне инвестиция немесе айналым капиталы ретінде жұмсауы керек. Ең бастысы, оның кәсібі Қазақстан заңы бойынша және ЕҚДБ бойынша тыйым салынбаған болуы қажет.

Сонымен қатар бұл бағдарламаға қатысқан әйел кәсіпке қатысты біліктігін арттыру үшін түрлі семинарға қатысады және ноу-хау мен қаржылық емес қызметтерді қолданады.

Бұған қоса ЦентрКредит Банкінің Astana Business, Jana Business, Ақ ниет, Іскер Қала, Өркен, Qamqor, Бизнес-көмек, Кәсіпкер деген сияқты әр өңірдегі кәсіпкерлерге несие беріп көмектесетін бағдарламалары бар. 

Кәсіпкер несие алған соң, оның көзделген мақсатта жұмсалып-жұмсалмағанын қадағалауға тиіс. Мәселен, кәсібіндегі жұмыстың өнімін жақсарту үшін жаңа техника сатып алғысы келсе, ақшаны сол бағытта жаратуы керек. Сонда ғана несие кәсіпті өркендететін құралға айналады.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

Талқылау