Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпқой бокста бағын сынаған Әбілхан Аманқұл қайтадан әуесқой боксқа ауысты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық құрама сапына қайта қосылды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме  хабарлайды.

Фото: ҰОК

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл әуесқой боксқа қайта оралытынын айтты.

"Мен кәсіпқой бокста өнер көрсеттім. Алайда онда жекпе-жекке шықпадым. Жарты жылға жуық уақыт бойы шаршы алаңға шықпадым. Бірақ дайындықты тоқтатпадым.Соңғы екі ай бойы демалдым. Қазір құрамамен бірге жаттыға бастадым. Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Ары қарай көре жатармыз", - деді Аманқұл. 

Айта кетелік, Аманқұл кәсіпқой бокстан бес жекпе-жек өткізіп, төртеуінде жеңіске жетсе, біреуде қарсыласымен тең түскен. Ол енді ел чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. 

Талқылау