Кәсіпкер тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап еткен жағдайда не істеу керек: Мамандар жауап берді
Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлердің тауар немесе көрсетілген қызмет үшін тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап ету жағдайлары жиілеп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: unplash.com
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз. Департамент еліміздің "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңында бірнеше төлем тәсілі көрсетілген:
- банк картасы арқылы;
- QR-код арқылы;
- қолма-қол ақша арқылы.
-
Қазақстандық құрылыс компаниялары пәтерлерді тек қолма-қол ақшасыз сатуға міндеттелмек
-
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақылауға алынады
"Кәсіпкерлерге банк карталары арқылы жасалатын төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бірінші рет – ескерту, қайталанған заң бұзушылық жағдайында – 40 АЕК мөлшерінде айыппұл (157 280 теңге)”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы азаматтар мемлекеттік кірістер органдарына арыздана алады.
Еске салсақ, бұған дейін де елімізде тұтынушыдан қолма-қол ақша талап ететіндер айыппұл төлейтіні туралы жазған едік.