Жуырда ғана бостандыққа шыққан кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды
Жуырда ғана бостандыққа шыққан кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Аталмыш факті бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим Bank RBK қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылдың ақпанында Ибрагимнің тергеу изоляторында болған уақыты ескеріліп, жазасын толық өтеген соң түрмеден босатылғаны белгілі болды.
БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Бақыт Ибрагим – Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді