"Даңғаза жасаудың қажеті жоқ": Тоқаев жұртты алаңдатқан метапневмовируске байланысты пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттер үйіне барған кезінде жұртты алаңдатып отырған метапневмовируске байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді.
Ғылым және жоғары білім министрі президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы академиялық хаб құру шаралары жөнінде баяндады.
Перзидент білім беру саласындағы және жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ жұртты алаңдатқан метапневмовирус туралы пікір білдірді.
“Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек”, – деді мемлекет басшысы.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен