Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапармен Францияға барды
29 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді.
“Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып қайта сайланғаннан кейін Ресейге жасаған алғашқы сапарының саяси маңызы зор екенін айтқан еді.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік