Бөгдепланеталықтардың ізі қалған Қазақстандағы Стоундхендж құпиялары
Ерекше энергетикасы бар Ақбауыр кешені Өскеменнен 38 км қашықтықта орналасқан. Мұнда көптеген тарихи ескерткіштер бар. Осы жерден адамдар жұлдыздарды бақылап, олар туралы мәліметтерді қағаз бетіне түсіріп отырған. Таудан ғалымдар 80-нен астам петролгифтер тапқан. Осы аймақты мекендеген адамдар бөгдепланеталықтармен сөйлескен болулары мүмкін деген болжам бар.
Фото: culturemap.kz
Бұл туралы “Таңғажайып таң” бағдарламасында айтылды.
“Бізде дәл осындай тылсым күшке ие ескерткіштердің бар екеніне қуаныштымын. Экспедицияға қатысып, барлық таңғажайыпты өз көзіммен көру үшін келдім. Осылар туралы алдағы уақытта немерелерім мен шөберелеріме айтып беретін боламын. Бұл – біз үшін үлкен тарих. Біз тарихымызды білуге тиіспіз. Қарап шыққан тастарда бөгдепланеталықтар, скафандрлар және ғарыш кемелері бейнеленген екен”, – дейді ескерткіштерді зерттейтін республикалық экспедияция мүшесі Ерболат Сәдуақасов.
Ақбауыр туралы аңыздарда бұл жердің энергетикасының мықты екені туралы жиі айтылады. Оның үстіне осы аймақтағы тастар ерекше әдіспен орналасқан. Петроглифтерге қарап адамдар бөгдепланеталықтарды көрген деген ой туады. Ал мамандар бұл жерге 22 наурыз және 22 қыркүйек күндері келуге кеңес береді. Сол күндері осы жердің таңғажайыбы ерекше сезіледі екен.
“Мұнда адамдар жиі келеді. Себебі, ол ежелден келе жатқан ерекше жер болып есептеледі. Мұнда археологиялық ескерткіштер ғана емес, ерекше тылсым күш бар. Әдетте адамдар мұнда өздерінің денсаулықтарын қалпына келтіру үшін келеді”, – дейді Ақбауыр кешенінің қызметкері Галина Петенева.
Ақбауырға ғалымдар ерекше қызығушылық танытып отыр. Себебі, оның әлі күнге дейін ашылмаған құпиялары бар.