Кәсіби мансабын аяқтаған атақты Луиш Нани “Ақтөбе” сапына қосылды

Португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Карлуш Алмейда да Кунья енді Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Ақтөбе" клубында өнер көрсететін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
39 жастағы футболшымен клуб бір жылдық келісімшартқа отырғанын жариялады.
Нани кәсіби мансабында 617 матч өткізіп, 129 гол соғып, 141 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол Португалия ұлттық құрамасы сапында 111 ойында 24 гол және 24 нәтижелі пас берген.
Футболшы ең үлкен табыстарына Англияның "Манчестер Юнайтед" клубында жетті. Сол клубта ол төрт рет Англия чемпионы, екі рет Лига кубогын, бір рет Чемпиондар лигасында топ жпрды.
Бұған қоса төрт рет Англия Суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Ал 2016 жылы Португалия құрама сапында Еуропа чемпионатының жеңімпазы да атанған.
Луиш Нани 1986 жылы 17 қарашада Кабо-Верде аралындағы Прая қаласында дүниеге келген. Жас кезінде "Бенфика" мен "Спортинг" клубтарының қаралымынан өтіп, ақырында Лиссабондағы "Спортингтің" академиясын таңдаған.
“Қайсар” сенсациялық трансфер жасады: Англия чемпионы Виктор Мозес Қызылорда клубына ауысты
Ол кәсіби мансабында "Спортинг", "Фенербахче", "Валенсия", "Лацио", "Орландо Сити", "Венеция", "Мельбурн Виктори", "Адана Демирспор" және "Эштрела" клубтарында өнер көрсеткен.
Негізі Нани 2024 жылдың желтоқсанында кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлаған еді.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы