"Қашып құтыла алмайсың": Әсел Сәдуақасова жаңа өмір бастауға дайын емес екенін мойындады
Танымал актриса Әсел Сәдуақасова ажырасқаннан кейінгі өмірін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі өзінен сегіз жас кіші жолдасымен ажырасып кеткен еді. Киножұлдыз оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
“Өткен қарым-қатынасымыздан бір тамшы реніш те қалдырғым келмейді. Басыңнан өткен оқиғадан қашып құтыла алмайсың. Тәуелді қарым-қатынастан сақтану үшін қайғыру өте маңызды. ”Бұл жеңілдеудің жалғыз жолы”, – деп жазды актриса.
-
"Ажырасу – жеңіліс емес": Әсел Сәдуақасова болашақ жоспарларын бөлісті
-
"Тіл табыса алмадық": Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін растады
Сонымен қатар оқырман қауым ажырасуға жас айырмашылығының себеп болғанын болжады.
“Менің ойымша олай емес. Тіпті жасымызға мән бермедік. Біздегі айырмашылық – көзқарас. Өмірге деген көзқарасымыз әртүрлі болды. Күн сайын екі түрлі пікір кедергілерді алдымыздан шығара берді. Арты осылай аяқталды”, – деді киножұлдыз.
Еске салайық, Әсел Сәдуақасованың экс-күйеуі ажырасуға қатысты пікір білдірген еді.