Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы мониторингі ұстаған журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды

“Время” газетінің тілшісі Михаил Козачков екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі. Бұл жөнінде Алматы қаласы тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бүгін Алматы қаласының тергеу сотында тергеу органдарының М.Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарау аяқталды. Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды”, - делінген сот мәлімдемесінде.

Еске салайық, Михаил Козачковты 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі ұстап, Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобымен рейдерлік тәркілеуге қатысы бар деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамаған.



19 желтоқсанда “Время” газетінің редакциясы қаржы мониторингі агенттігі таратқан журналист Михаил Козачковты ұсталуына байланысты мәлімдеме жасап, мұны журналистің қызметтік бабымен байланыстырған.

Сонымен қоса "Әділ сөз" қорының басшысы Козачковтың құқықтарының өрескел бұзылғанын айтқан.

Талқылау