Алматы полициясы қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылатынын мәлімдеді
Алматы полиция департаменті қаруды заңсыз сақтаған азаматтарға өзіне жақын жердегі полиция басқармасына ерікті түрде тапсыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 287-бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
"Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, "102" нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимді болатынына кепілдік беріледі", – делінген ақпаратта.
Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сұрақтар бойынша хабарласуға болатын нөмірлер: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.
Айта кетері, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған. Ол жерден 1 347 қару ұрланған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"