Карло Анчелотти маусым соңында "Реалдан" кетіп, Бразилия құрамасын жаттықтырады

Италиялық футбол маманы Карло Анчелотти осы маусым аяқталғаннан кейін мадридтік "Реал" клубын тастап, Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне кіріседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос тарап арасында ауызша келісім жасалып қойылған, ал ресми хабарлама алдағы уақытта жарияланады деп күтілуде.
Анчелотти 2025 жылдың маусым айының басында, Ла Лига маусымы аяқталған соң, жаңа қызметіне кіріседі. Ол "Реалдың" 14-маусымда басталатын Клубтық әлем чемпионатында бапкерлік етуінен бас тартады.
Италиялық бапкердің Бразилия футбол конфедерациясымен (CBF) келісімшарты 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін жасалған. Сонымен қатар келісімді 2030 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Анчелотти "Реалда" екі кезең жұмыс істеп, жалпы саны 15 жүлде жеңіп алды. Олардың ішінде 3 Чемпиондар лигасы (2014, 2022, 2025), 2 Испания чемпионаты және 2 Испания кубогы бар.
Бразилия құрамасында ол Доривал Жуниорды алмастырады. Анчелоттидің алғашқы ойыны 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Эквадорға қарсы 4 маусым күні өтеді деп жоспарланған.
"Реал" басшылығы Анчелоттидің орнына қазіргі "Байер" клубының бас бапкері Хаби Алонсоны негізгі үміткер ретінде қарастырып отыр.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды

