“Кәріз иісі шығып жатыр”: Алматылықтар Тереңқұрдағы ағын суға канализация төгілді деп күдіктенді
Фото:Желі кадрларынан скрин
Алматылықтар Тереңқұрдағы арықтан аққан судың түсіне шағымданды. Айтуларынша, қоңыр түске боялған ағыс суынан шыққан нәжіс иісі айналаны алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғын арық суының видеосын желіге жариялады.
“Не болған? Судан кәріз иісі шығып жатыр”, – деп жазды ол.
Өзге тұрғындар да жағдайды растады.
“Біреу кәріз қалдықтарын төгіп жатыр”, “Жай иіс емес сасық иіс шығып жатыр”, “Қыста қай құбырдан кетіп жатқаны анық көрінер”, – деп жазды тұрғындар.
Stan.kz тілшісі Алматы әкімдігінен жағдайға қатысты пікір сұрады.
“26 қарашада Алматы қаласының Экология департаменті, Экология және қоршаған орта басқармасы және "Алматы Су" қызметкерлері Кіші Алматы өзеніндегі бұрын байқалған ластану орнына барды. Бұған әлеуметтік желілерде өзеннің ластанғанын көрсететін видеоның таралуы себеп болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өзенге төгілген заттар қоңыр түсті болған.
Мамандар өзен арнасын аралап, өзенге жақын орналасқан нысандарды көзбен шолып тексерді. Сондай-ақ Экология департаментінің зертханасы судың химиялық құрамын анықтау үшін үлгілер алды. Қосымша айта кетсек, Кіші Алматыдағы ластану бір реттік болғандықтан, нақты ластаушыны анықтау мүмкін болмады. Дегенмен, ықтимал көздерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр”, – деді ведомство.
"Шетелдіктер 4250 теңге төлеп, отандастармен тең құқылы қызмет алады": Қазақстандықтар сырттан келгендердің медициналық көмекті тегін алатынына наразы