Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қария көзі көрмесе де таяғымен түртінектеп жүріп 40 жыл пошташы болған

Пәкістанның қиыр түкпіріндегі Харипур ауылының тұрғындары күн сайын таңертеңгісін хат-хабар жеткізіп тұратын Анвар ақсақалды көрмей қалса, көңілдері қоңылтақсып тұратындай.

xlarge

Пошташы болып қызмет атқаратын Мухаммад Анварды бұл ауылдағылардың барлығы жақсы таниды және оны Хафиз сахиб деп атайды екен. Бұған қарияның туабітті көзі көрмейтіндігі себеп болса керек.

Таяғымен түртінектеп жүріп ауыл шетіндегі үйге дейін адаспай барып келетін Анвар ақсақал күн сайын 12 шақырым жерді басып өтетін көрінеді. 44 жыл бойы осы қызметте келе жатқан ақсақал жолдың әрбір шұңқырын жаттап алғанын айтады. Бұған қоса, ауылдағы әрбір жанды даусынан танитын көрінеді.

Анвардың қос жанары туылғаннан бері көрмейді екен. Бір қиыны, оның анасы да, бауыры мен қарындасы да жарық дүние сәулесін көрмеген суқараңғы болып туылған екен. Әкелері қайтыс болғаннан кейін отбасын асырау міндеті жалғыз Анвардың мойнына артылған. Бұған қоса, Анвар анасының таныстыруымен бір қызға үйленіп, отбасын да құрған. Қазіргі кезде оның кіндігінен тараған төрт баласы бар.

Muslim.kz

Талқылау