Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карина Мамаш қорлық көрсеткен бұрынғы дипломат күйеуімен ажырасты

Күйеуінен азап көрген Карина Мамаш Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашпен ресми түрде ажырасқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келіншек жаңалығын Instagram желісіндегі оқырмандарына айтты. Осыдан кейін ол ұлының еміне 30 миллион еуро керек екенін мәлімдеді.

"Ұлымның тірек-қимыл аппаратында проблемалары бар. Аяғы ақсап, бүгіп жүреді. Үш жерге ота жасау керек", – деді Карина Мамаш.



Сондай-ақ ол соңғы жайттардан кейн қорқып қалғанын айтты. Сөзінше, ұйқысы бұзылған. Дағдарыс орталығына көшкен сәттен бастап ұйқысы қашып, алғашқы 3 айда тамақ ішпеген.

"Түсімде жылап, айқайлап оянатынмын, анам мені оятады. Стрестен шошып қалдым. Демала алмай қалатынмын, ауа жетпейді. Кеуде тұсым мен жүрегім адам төзгісіз ауыратын. Балаларымды тастап кете алмаймын. “Олар менсіз қалай жүреді?" деген бір ғана ой маза бермейтін”, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналасты.

Шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұраған еді

Талқылау