Кәрімовтің денесі Самарқанда жер қойнына тапсырылды (фото)
Өзбекстан президентімен ресми қоштасу рәсімі Самарқандағы Регистан алаңында өтті.
Өзбекстанның тұңғыш президентін мұсылманша жерлеу рәсімі өзінің туған жері Самарқандағы ата-анасының үйінде болды. Кәрімовтың денесі ол жерге бүгін жеткізілген еді. Өзбекстан Үкіметі мен парламенті оның қазасы жайлы жұма күні кешкісін хабарлаған еді. 78 жасында дүние салған Кәрімовтің қазасына орай елде азалы күн үш тәулікке созылады деп жарияланды. Президенттің денесі мұсылман дінінің ұстанымдарына сай ата-анасының қасына қойылды.
Әуежайдан Самарқанға жеткізілген Кәрімовпен қоштасу үшін мыңдаған қалалық тас жолдың бойына тізіліп, онымен жылап қоштасқан.
Самарқан көшелері ешқандай да қатаң бақылауға алынбаған. Тұрғындарға ешқандай шектеу мен жол қозғалысына шектеу қойылмаған. Елдегі арналардың барлығы президентпен қоштасу рәсімін тікелей эфирден көрсетіп отырған. Халықтың көп бөлігі көзіне жас ала отырып, Кәрімовтың еліне жасаған жақсылықтарын жарыса айтуда.
Өзбекстанның тұңғыш президентінің денесі Шахи-Зинда кесенесіне қойылды.
Сенбі күні ертеңгісін Ташкент тұрғындары Кәрімовпен қоштасу үшін әуежай жолына шыққан еді. Гүлнара Кәрімова әкесін жерлеу рәсіміне қатыса алмады.
Жіберіп алмаңыз: