Гүлнара Кәрімова әкесін жерлеу рәсіміне қатыса алмады
«Ферғана» басылымының хабарлауынша Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнара оны соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатыса алмаған. Әкесінің қазасынан кейін ол желіде де, өмірде де жұрттың көзінен тасаланған. Сот үкімі бойынша соңғы екі жылдан бері оның бас бостандығы заңмен шектелген. Яғни ғаламторды пайдалана алмайды, еркімен көшеге де шыға бермейді.

Сурет 3 қыркүйек күнгі Кәрімовты жерлеу рәсімінен алынған. Онда президенттің жары- Татьяна Акбарқызы және Кәрімовтың кіші қызы-Лола.
Қазір Гүлнара Кәрімованың қасында қызы Иман бар. Оның ұлы Ислам жұртқа бірнеше мәрте анасын қорғау мақсатында пікір білдіргенімен белгілі. Оның ойынша, анасы қарсыластарының жала жабуының кесірінен Лондонда тұрып жатыр екен. Ол да нағашы атасын жерлеу рәсіміне келген жоқ.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды