1,8 миллиард теңгеге бағаланған Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі әкімдік меншігіне берілмек
Коллаж Stan.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі әкімдік меншігіне берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, Астана әкімдігінен үйді әлеуметтік қажеттіліктер үшін әкімдік меншігіне беру туралы өтініш түскен.
"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС мемлекеттік мүлік реестрі веб-порталында Нұра ауданы, Қараоткель шағын ауданы, Ерейментау көшесінде орналасқан тұрғын үйді сатуға арналған электронды сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жариялады. Басқарушы компанияға Астана қаласы әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаладағы әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында беру туралы ресми өтініш келіп түсті. Қолданыстағы заңнама нормалары және өтініштің әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, нысан электронды сауда-саттық жоспарынан алынды",- делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, үйдің қандай мақсатта пайланылатыны жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен анықталады.
Айта кетейік, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған еді. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
