Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Кәрім Мәсімов ресейлік астрологқа 200 мың доллар төлеген – The Telegraph

Фото: Тelegraph.co.uk / Кәрім Мәсімовтің Тони Блэрмен түскен суреті 

Британиялық The Telegraph басылымы Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Ресейден келген астрологқа 200 мың доллар (103 816 000 теңге) төлегені туралы жазды. Бұл ақпаратты Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылым Freedom for Eurasia атты үкіметтік емес ұйымның Napoleon Complex деп аталатын баяндамасына сілтеме жасап отыр. Аталған құжатта Мәсімовтің жемқорлыққа қатысы болғаны, мол қаржыны астрологтар мен қымбат демалыстарға жұмсағаны айтылған. Сонымен қатар ол Наполеон Бонапарттың жеке хаттарын шамамен 100 мың фунт стерлингке сатып алғаны да баяндалған.

The Telegraph Мәсімовтің Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрмен бірге түскен фотосын жариялаған. Бұл фото бұрын-соңды ашық дереккөздерде болмаған.

Баяндаманың өзінде Қазақстанда Мәсімовке қарсы қозғалған істердің халықаралық құқықтық стандарттарға сай келмейтіні айтылса да, оның "коррумпированное средство" арқылы сән-салтанатты өмір сүргені сыналады.


"Мәсімов пен Қожамжаров тергеуге ықпал етті": Депутат Бәпи ЭКСПО ісі бойынша сотталған Ермегияевті заңсыз сотталды деп есептейді


1,8 миллиард теңгеге бағаланған Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі әкімдік меншігіне берілмек


Еске салайық, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған еді. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 12:00
Талқылау