Кәрім Мәсімов Астана марафонында мәреге бірінші болып келді (фото)
Бүгін елордада қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық Астана марафонында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 21,1 шақырым қашықтықты бағындырды.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Атап айтқанда, Үкімет басшысы аталған қашықтықты 2 сағаттың ішінде жүгіріп өтті. Сонымен қатар бұл 21,1 шақырымдық марафонның мәре сызығынан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та өтті.
Мәре сызығанан өткеннен кейін Кәрім Мәсімов пен шараға қатысқан бірқатар министрлер және Рио Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік фотосуретке түсті.
«Барлықтарыңызға рахмет! Осы маңызды шарамен баршаларыңызды құттықтаймын!»,-деді премьер-Министр жиналған жұртшылыққа қаратып айтқан сөзінде.
Айта кетейік, ҚР президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков 42,2 шақырымдық қашықтыққа қатысуда.
Жіберіп алмаңыз:
Мәсімов Кәрімовтің жесірі мен қызына, өзбек халқына көңіл айтты (фото, видео)
Кәрім Мәсімов әлеуметтік желіге алғашқы ұстазының суретін жариялады