Кариб теңізіндегі сұлулық байқауына қатысатын қазақстандық анықталды (фото)
Кариб теңізінің Антигуа аралында 14 тамыз күні өтетін “Miss Regal International” байқауында Қазақстанның намысын “Мисс Қазақстан – 2015” байқауында екінші орын иеленген Әмина Қожанова қорғайды.
Фото: instagram.com/amina_kozhanova/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Аталған байқауға қазақстандықтар алғаш рет қатысқалы отыр. Кастингтен кейін Павлодар қаласының 18 жастағы тумасы Әмина Қожанова сұлулар байқауына жолдама алған.
“Халықаралық Miss Regal International байқауында Қазақстанның намысын қорғайтыным үшін шексіз ризамын. Бір күннің ішінде басымнан көптеген жақсы дүниелер өткердім. Өмірімде алғаш рет шетелге жалғыз бардым. Астанадан Стамбұлға, Стамбұлдан Лондонға, Лондоннан Антигуаға ұштық. Маған қолдау білдіргендеріңіз үшін көп рахмет! Бүгін қатысушылармен бас қосып, бір-бірімізбен таныстық.
Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген екен. Мені бәрінен Кариб теңізі өзіне еліктіре түскендей болды. Табиғатынығ сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қайда барсаң, какос, банан, манго сынды жемістердің өсіп тұрғанын көресің. Қысқасы, алған әсерім мен жаңалықтарымды жиі бөлісіп отыратын боламын.
Туысқандары мен жақындарыма қолдаулары үшін тағы да алғыс айтамын! Дәл қазір маған бәрінен қолдауларыңыз артық болып тұр”, – дейді Әмина Қожанова. Дәл қазір бойжеткендер байқауға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Сұлулық байқауы жеңімпаздарының сахна мен шынайы өмірдегі бейнелері (фото)
Сұлулық байқауының жеңімпазы қатерлі дертпен ауырамын деп жалған айтып ақша жинаған
Қазақстандық Уфада өткен сұлулық байқауында “Жаңашыл ару” аталымын жеңіп алды