Кардиологтар инфаркттың байқалмайтын белгілерін атады
Кеудедегі айқын ауырсыну ғана емес, болар-болмас белгілер де жақын арада болатын инфаркттың белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы Америкалық жүрек қауымдастығында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үш адамның екеуінде инфаркттан бірнеше күн немесе тіпті апта бұрын ентігу және шаршау байқалады", - деді дәрігерлер.
Сонымен қатар, тершеңдік, құсу, жүрек айну, бас айналуы және ауруы жақындап келе жатқан инфарктты білдіреді.
Кардиологтар егде жастағы немесе диабетпен ауыратын науқастарда ешқандай белгілер болмауы мүмкін екенін де айтады.
Мамандар кенеттен ауырған жағдайда не істеу керектігін айтып берді. Бірінші қадам - жедел жәрдем шақыру. Одан кейін отыру керек, егер бар болса, 300 мг аспирин ішіп, дәрігерлерді күту қажет.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"