Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қараймайтын, сарғаймайтын ерекше болады": Ерке Есмахан жеке бизнесті қолға алатынын мәлімдеді

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Ерке Есмахан жеке бизнесті қолға алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі оқырмандар тарапынан алқаға сұраныстың көп екенін жасырмады.

“Жеңгемнің мойнындағы сотуар біраз оқырманның көзіне оттай басылыпты. “Сотуар бар ма?” деген хаттар толып кетті. Тіпті, күтпедім. Алдағы уақытта сотуар кішігірім өзгерістермен қайта шығады. Тілек-ниетім сол баяғы. Бұйырса, бұйым қараймайтын, сарғаймайтын, ағармайтын болып жалтырап шығады. Оған кепілдік беремін”, – деді Ерке.



Айта кетейік, жаңа жыл қарсаңында өнер иесі сотуар шығарып сынға ұшыраған еді. Оқырмандардың сөзінше, бұйымды тот басып, қарайып кеткен көрінеді.

“Келмей жатып, қарайып кеткен сотуар. 50 мың теңгеге алтын алу керек еді. Ақшамды қалай қайтарып алуыма болады? Қызғылт алтын екенін түсініп тұрмын. Бірақ мына бұйым қап-қара болып кеткен. Сатушыға жазсам, жауап жоқ”, – деген еді желі қолданушысы.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 09:45
Талқылау