Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарашығанақ Петролеум" компаниясына ауаны ластағаны үшін 2,07 млрд теңге айыппұл салынды

Фото: kpo.kz

Батыс Қазақстан облысының экология департаменті "Қарашығанақ Петролеум" компаниясына 2,07 млрд теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Экологиялық прокуратураның арнайы талаптары бойынша "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясының Қазақстандағы филиалына қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеру артық нормалық шығарындылар фактісі бойынша өткізілді.

“Тексеру 2026 жылғы 30 қаңтардағы №5 акт негізінде 3–16 ақпан аралығында жүргізілді. Нәтижесінде 2024 жылы компания атмосфералық ауаға 13,84 тоннадан артық ластаушы заттар шығарындыларын, сондай-ақ 0,05134355 тоннадан артық ағынды су шығарғаны анықталды. Осы деректер бойынша компания Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің 39, 106, 202 және 216-баптарының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 328-бабының 1 және 2 бөлімі бойынша квaлификацияланды”, – делінген хабарламада.


Қазақстан Қарашығанақ операторларынан миллиардтаған доллар өндіріп алмақ – БАҚ


Жалпы айыппұл сомасы 2 077 749,9 мың теңгені (2,077 млрд теңге) құрады. Қазіргі уақытта оны өндіру бойынша шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, департамент компанияны артық нормалық шығарындылар мен ағынды сулардың себептерін талдауға және болашақта осындай бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуге міндеттеді.

Еске салсақ, Қазақстан үкіметі Қарашығанақ кен орнындағы шығындарды бекіту кезінде шенеуніктердің пара алғанын растаған еді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 21:13