Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарашығанақ пен Қашағанда екі газ өңдеу зауыты салынбақ

Энергетика министрлігі Қарашығанақ пен Қашағанда екі газ өңдеу зауыты салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Жаңа жобалар туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Shell компаниясының "барлау және мұнай мен газды игеру" бөлімінің атқарушы вице-президенті Питер Костелло және Shell компаниясының Қазақстандағы төрағасы Әли Әл-Джанабимен кездесуі барысында айтылды. Кездесуде Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын одан әрі игеру мәселелері талқыланды.


"Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінді


"Қазақстан Қашаған кен орнын игерудің алдағы кезеңдерін уақтылы жүзеге асырудың стратегиялық қажеттілігіне ерекше көңіл аударады. Бұл ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін тауарлық газ өндірісін арттырудың басымдылығын ескерген жөн", – деді энергетика министрі.

Қашағандағы газ өңдеу зауытының қуаттылығы жылына 2,5 миллиард текше метрге дейін газ өңдейді деп жоспарланған. Ал Қарашығанақта салынатын газ өңдеу зауыты жылына 4,5 миллиард текше метр газ өңдейді.

Еске салсақ, бұған дейін энергетика министрі Қазақстанда газ бағасы кезең-кезеңімен көтерілетіні туралы айтқан еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 26 Тамыз, 2024 19:05
Талқылау