Қарашығанақ кен орнында жалақыны көтеруді талап еткен "ККС-Сичим" қызметкерлері ереуілге шықты
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында 16 қаңтарда "ККС-Сичим" кәсіпорнының қызметкерлері ереуілге шықты. Олар жалақыны 50%-ға көтеруді талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделья басылымына сілтеме жасап.

Қызметкерлердің сөзінше, ереуілге 1 000-ға жуық адам қатысқан. Олар таңғы 6:00-де "Сичим" компаниясының базасына жиналып, жұмысқа шығудан бас тартқан.
Кәсіпорын қызметкерлері вахталық негізде 28 күн жұмыс істеп, 14 күн демалатындарын айтады. Ай сайынғы жалақылары қазір 250 мың теңге екен.
"Жалақымызды 50%-ға көтеруді талап етеміз, себебі қазіргі айлығымыз жетпейді. Азық-түлік пен киім-кешек те қымбаттап жатыр", - дейді ол.
Қазір ереуілшілерге прокуратура, полиция мен әкімдік қызметкерлері келген.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде