Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қараша айында 7–9% мөлшерлемемен ипотекаға өтінім қабылдау қайта басталады

Қараша айында Наурыз ипотекасына өтінім қабылдау басталады

Фото: Ru.freepik.com

Қараша айында “Отбасы банк” “Наурыз” және “Наурыз жұмыскер” ипотекалары бойынша жаңа өтінімдерді қабылдауды бастайды. Жақсы жаңалықты “Отбасы банктің” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Instagram парақшасында жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет бағдарламаға жыл басымен салыстырғанда екі есе көп, яғни 500 миллиард теңгеге дейін қаржы бөледі. Бұл қаражат жаңа қатысушыларды да, көктемде өтінім беріп, бірақ мақұлданбағандарды да қаржыландыруға мүмкіндік береді.

“Қазір біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз – жаңа өтінім қабылдау легініске қосу немесе наурыз айында қатысқан азаматтарға несие беру”, – деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.

Жаңа ереже – тұрғын үй бағасының бекітілуі. Ибрагимованың айтуынша, құрылыс компаниялары банкпен оффтейк-шарттарға қол қойып, үш жыл бойы шаршы метрдің құнын көтермеу керек.

Пәтерді бұрынғыдай онлайн форматта “Баспана маркет” платформасынан таңдауға болады. “Наурыз” және “Наурыз жұмыскер” бағдарламалары бойынша:

  • Астана, Алматы және облыс орталықтарында — тек алғашқы нарықтағы баспана (құрылыс компаниясынан жаңа пәтер) сатып алуға болады.
  • Ал басқа өңірлерде — кез келген баспананы, соның ішінде екінші нарықтағы пәтер мен үйді де алуға мүмкіндік бар.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

  1. Мөлшерлеме: әлеуметтік осал топтар үшін – жылдық 7%, қалғандары үшін – 9%;
  2. Бастапқы жарна: тұрғын үйдің жағдайына байланысты 10–20%;
  3. Несиенің ең жоғарғы сомасы: Астана мен Алматы қалалары үшін – 36 млн теңге, басқа өңірлер үшін – 30 млн теңге;
  4. Талаптар: соңғы 5 жылда өз меншігінде тұрғын үй болмау керек және “Отбасы банкінде” кемінде 2 миллион теңге депозит болу керек.

“Наурыз жұмыскер” жобасы өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларында еңбек ететін қызметкерлерге бағытталған.

Олар үшін де шарттар ұқсас, бірақ банк стратегиялық маңызды салаларда жұмыс істейтін мамандарға баысмдық беріледі. 

Айым Болатқызы
Жұма, 17 Қазан, 2025 16:43
Талқылау