Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақшы полицей: Ақмола облысында полицей жанармай құю бекетіне шабуыл жасады

Ақмола облысында полиция қызметкері жанармай құю бекетіне шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қарақшы полицей: Ақмола облысында полицей жанармай құю бекетіне шабуыл жасады

«Ішкі істер министрлігінің қылмыстық полиция қызметкерлері 5 қазан күні Астана-Көкшетау автожолында жанармай құю станциясына шабуыл жасаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті жүзін бетпердемен жасырып, кассирге қару кезеп, бір миллион теңгеден астам сома ақшаны тартып алған. Өкінішке орай, ұсталған қарақшы полиция қызметкері болып шықты. Ол Шортанды ауданының АІІБ-ның ІІБ-де басшы болып қызмет атқарады. Күдіктіден қылмыс құралы (тіркелген карбин) және ұрланған ақша тәркіленді », – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, бұл фактіге қатысты алдын ала тергеу жүргізілуде.

«Қызметкерлеріміздің заңсыз әрекеттері үшін көпшіліктен кешірім сұраймыз», – деді ІІМ өкілі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау