Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат: Сəби күткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім

Қарақат Әбілдина нәрестелі болуымен құттықтаған барша жандарға алғыс айтты.

18013877_1938448876384922_8853404404380860416_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Іңгəлап жарық дүниенің кеше ғана есігін ашқан, көптен күткен ханшайымымның қуанышына жазған ақ жарма ақ тілектер ағыны мен тосынсый жасап жатқан шынайы достарыма Алла разы болсын, көңілім көкке жетті. Менің отбасымдағы қуанышқа шын жүрегімен қуанған, тілекші қауымға шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Сəби күткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім. Қуаныш бөліссең көбейер дегендей, сіздерге ризашылығым сонша, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жеріңдей кең пейілді оқырмандарым, ақ жүректеріңнен айналдым”, – дейді 5 баланың анасы атанған Қарақат.

Еске сала кетейік, Қарақат Әбілдина 14-мамырдан 15-мамырға қараған түні қыз босанды. Әнші көптен күткен арманына қол жеткізді. Ал кеше әріптестері қызды болған Қарақатқа тосынсый жасады.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасованың сахналық ең әдемі көйлектері (фото)

Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)

Жас әнші Иса Әлимұсаевтың “Қалың мал” туралы әні көпшілікке ұнап қалды (видео)

Ерке Есмахан продюсері Баян Есентаевадан кетіп қалды

Талқылау