Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығаруға жүздеген адам жиналды (видео)
5 баланың анасы атанған Қарақат Әбілдина перзентханадан шықты. Әншіні шығарып алуға Астанадағы “Ана мен бала” перзентханасының алдына жүздеген адам жиналды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Олардың көшін Қарақаттың жары Қыдырәлі Болманов пен ұлдары бастады. Ал өнер иелерінен әншінің қуанышына құрбылары – Айгүл Иманбаева, Мәдина Сәдуақасова, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаевалар ортақтасты.
Перзентханадан шығу сәтінде түсірілген суретпен бөліскен Айгүл Иманбаева Қарақат секілді қыз тапқысы келетінін жасырмады.
“Бүгін Қыдекең мен Қарақаттың ханшайымын үйге шығарды. Алла деніне саулық, басына бақ берсін. Шын жүректен қуаныштымын. Жұғысты болсын деп мен де армандап тұрған сияқтымын”, – дейді ол.
Жиылған жұрт Қарақатты әнмен қарсы алды.
Еске сала кетейік, Қарақат Әбілдина 14-мамырдан 15-мамырға қараған түні қыз босанды. Әнші көптен күткен арманына қол жеткізді. Ал кеше әріптестері қызды болған Қарақатқа тосынсый жасады.
Жіберіп алмаңыз:
Қарақат: Сəби күткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім
Сейфуллин Жолбарыстың жары өзін “тоқал” деп сынайтындарға жауап берді