Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина ұлдарын мешітке апарып, имандылыққа тәрбиелеп жүр

Әнші Қарақат Әбілдина кенже ұлдарын жазғы демалысында мешітке имандылық сабағына апарып жүргенін айтты.

image

Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Жуырда жолдасына тоқал сыйлаймын деп жұртты шулатқан Қарақат Әбілдина ұлдарын мешітке сабақ алуға апарып жүргенін айтты.

“Қоңыр қозым мен ақ қозымды ертіп имандылық сабағына мешітке бет алдық. Алла тағалам салиқалы ұрпақ сүюді нәсіп етсін”, – дейді Қарақат Әбілдина.

Желі қолданушыларының бірі “Ниетіңізді Алла қабыл қылсын. Балаларыңыздың жүрегінде Иманы мәңгі болсын” деп қолдау білдірсе, екіншілері әншінің мешітке лайық киінбегенін, қазақша қате жазатынын айтып сынаған.


Жіберіп алмаңыздар:

Қарақат Әбілдина Алматы қаласында тағы бір мектебін ашты

Қыдырәліге ерекше сый жасағысы келген Қарақат жұрт алдында тоқал алып беруге уәде етті

Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді

Қарақаттың тыңдарманы естелік үшін оның бір уыс шашын жұлып алған

Талқылау