Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина Тасмағамбетовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Әнші өзін Иманғали Тасмағамбетовпен байланыстырып, артынан қауесет таратқандарға  өз жауабын берді.

karakat-abildina-620x330

Басқа да көптеген қаңқу сөздердің ақ-қарасын әнші arhar.kz сайтына берген сұхбатында  түсіндірген.

«Мен Қыдекеңнің азаматтығын, алтын басын сыйлаймын, төрт перзентімізді де Алланың қалауымен Рамазан айында дүниеге әкелдім. Құт-берекесі жарасқан шаңырақтың отанасымын, сүйеу болар азаматым, құлыншақтарым бар. Менен мін іздеп, өмірімде кездесіп, бірауыз тілдесіп көрмеген адамдар «Қарақат тәкаппар екен» деп жазғанда жағамды ұстаймын. Иә, менің түрім сондай суық көрінеді, бірақ мен оған кінәлі емеспін ғой, – дейді Қарақат Әбілдина.

Бұдан әрі ол Инстаграмға салған суреттерінің астында өзіне түк қатысы жоқ, танымайтын адамдардың оның жеке басына жала жабатын түрлі қауесет сөздердің ашуына тигенін, тіпті олардың бірі әншіні «тойымызға келіп, әпкем мен жездемнің отбасын ойран етіп кетті» деген өсек сөз жазғанын, әнші бұған төзіп тұра алмай, ар-намысының тапталғанына күйініп, мәселенің мәніне жеткізу үшін сол қауесетті жазған қыздың телефонын тауып хабарласқанын екен.

Ал ол қыз «Мен жай… сізді сондай деп естігенмін…» – деп күмілжігеннен әріге бара алмағанын айтты.

«Бұл келіншек күйеуінің несиеге алып берген телефонымен инстаграмға тіркеліп, ойына келгенін жазып жүрген. Ал күйеуі ауылда мал бағады екен, ештеңеден хабары жоқ. Бар мән-жайды білген соң, төртінші перзентін босанайын деп отырған әйелін таяқтың астына алыпты. Содан әлгі келіншек «Толғағым келіп, перзентханаға кетіп бара жатырмын. Сіз туралы ғайбат айтсам, кешірім сұраймын. Мені кешіріңізші» деп жазып жіберіпті» – деді әнші аталған сұхбатта.

Сонымен қатар бір кездері өзін Тасмағамбетовпен де байланыс­тырғандар болғанын, ал өзінің бұл кісімен тіпті «өмірінде бетіне тіке қарап отырып әңгімелесіп көрмегендігін» де атап өтті.

“Ол кісінің алдында сахнада ән айтып жүрмін. Бар көргенім сол.Кезінде Қыдекең Иманғали ­Тасмағамбетовтің тікелей қол астында жұмыс істеді. Саясаткер ретінде оны қатты үлгі тұтты. «Тасмағамбетовтің мектебінен өткенмін. Ол кісіден көп нәрсе үйрендім», – деп мақтанышпен әлі күнге айтады. Иманғали аға – тұлға, ел жүгін арқалаған азамат, өзінің үлгілі отбасы бар. Сондай азаматты маған телу арқылы Қыдекеңнің намысына тиіп, мұқатуды көздеген біреулер бар. Мұны Қыдекеңе тасада тұрып тас лақтырғандардың ісі деп ұғамын”, - деді Қарақат.

"Ит үреді, керуен көшеді", біз отбасымызда мұндай жалған сөздерді талқылап, бас қатырмаймыз. Қорғаным Қыдырәлі менің адалдығыма сенеді",- деген әнші, өзін біреулер мақтағаннан асқақтап, жамандағаннан жаман адам болып кетпейтіндігін айтты.

Талқылау