Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина қызы Аяланы қырқынан шығарды (фото)

Жасы 40-қа жақындағанда арманына жетіп, қызды болған Қарақат сәбиін қырқынан шығару рәсімін өткізді. Ол қыз-келіншектерге дастархан жайып, салтқа сәйкес жөн-жоралғылардың бәрін жасады.

16cc2a9e-2f16-4e63-b540-a6af839be9aa

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қарақат үйін алқызыл түспен сәндеген. Аяланың ожауы мен қайшысы, тіпті, шомылдыруға арналған ыдысы да осы түспен көмкерілген.

251b5a30-20b8-4e57-9123-b2a60fcba46a

Әншінің қуанышына Майра Ілиясова, Бағдат Сәмединова, Гүлнұр Оразымбетова сынды әріптестері ортақтасты. Айтпақшы Гүлнұр Оразымбетова Аяланың тырнағын алыпты.

4da4f6fe-e1ee-4d36-8984-eee95400911f

«Қырық қасық суға ізгі, әдемі, ақ тілектерімізді айтып шомылдырып, Гүлнұр Оразымбетова құрбым тырнағын алып, Майра Мұхамедқызы апайым шашын алып, қызымның рахаттанып жатқан жайы бар», – деп бөлісті Қарақат.

045c5db5-c91e-40c2-ba67-75e6cdd8ea78

Бұдан бөлек, дастархан төрінен Қарақаттың анасы орын алды. “Қырқынан шығару” рәсіміне келген қонақтардың бірі қыз баланың әжесі атанған ақ жаулықты Қаламқас апайға күміс білезік тақты.

7f97d2a9-ddf9-44c4-b98b-c836fa161b8abe6a76b3-3068-4273-91fd-9034b23a7434

9f4210b6-ae98-4333-a990-9305826b0d9c1b9035fa-91e1-4071-910e-cfc7d4ae0717

Жіберіп алмаңыз:

Есентаевтың қарындасы көк қағаздың құлы болып, тәнін сатқан әйелдер туралы айтты

Асанәлі Әшімовтің ұлы әкесінің 80 жылдығына ән арнады (видео)

Димашқа концерті кезінде тарай бастаған тыңдармандарын тыныштандыруға тура келді (видео)

Әйкерім Қалаубаева балалар үйінің түлегіне 72 мың тұратын туфли сыйлады (видео)

Талқылау