Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина: Қыдекең “бірінші атаман” десем, өтірік болады

Гастролдік сапар, концерт, одан қала берді той. Елдің құрметіне бөлену үшін үнемі түзде жүруіне тура келетін жұлдыздардың үйінде кім бастық? Осы сауалды өнер иелерінің өздеріне қойып көрдік.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бес баланың анасы, әрі танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасында өзі би, өзі қожа. Барлық шаруаны шыр айналдырып дөңгелететін өзім деп қояды.

«Қыдекең десем, өтірік болады. Кез-келген шаңырақтың мерекелі, берекелі өмір болу үшін әйел затының рөлі зор. Көп нәрсе әйелге байланысты», – дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина.

Иә, бұл пікіріңізге ешкім шүбә келтіре алмайды. Дегенмен де, әнші Тоқтар Серіковтің пікірі басқа. Ол отбасындағы билікті ешкімге бермейді. Тіпті, жұлдызды жарына да сипатпайды.»Бірінші атаман» өзі екен.

«Мен еркекпін. Азаматпын. Мен басқарамын», – дейді әнші Тоқтар Серіков.

Біздің сауал сахнада салмақты, көңілді көрінетін Тоқтардың қытығына қатты тиген сияқты.

Үйдің сәнін де, мәнін де келтіретін әйел заты деген Қарақат елдің өсегіне қаламын ба деді ме екен, кім білсін? Әйтеуір, шаңырақтағы барлық істі бастамас бұрын Қыдекеңнен рұқсат аламын деп ағынан жарылды.

«Қыдыкеңнің рұқсатымен әрине. Жалпы Қыдыкең ірі, күрделі мәселелермен айналысады. Үйдегі ұсақ-түйек шаруалармен айналысатын өзім. Ол біздің шаңырақта ғана емес. Жалпы кез-келген отбасында осылай шығар», – дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина.

Декреттік демалыстан кейін өнеріне ден қойған әнші Мөлдір Әуелбекованы көпшілік ажырасып кетті деп топшылаған-ды. Алайда, Мөлдір бұл қауесетке жауап ретінде жүрген жерінде қолындағы неке жүзігін көрсетуден жалықпайтын болып алыпты. Үйдің атаманы кім дегенге бір түрлі жауап қатты.

Ал, Ернар Айдар үшін бақыттың кілті бір-біріне деген түсінікте екен. Жақында ғана шаңырақ көтерген Ернардың үйінде атаман деген қалжың ұғым әзірге жоқ көрінеді.

«Бәрі үйде түсінікпен қарап, әдемі шешіледі. Әйел адамы ерін түсіну керек сияқты», – дейді әнші Ернар Айдар.

Шығармашылығынан гөрі, жеке өмірі халықтың қызу талқысына түскен жалғызбасты ана әрі әнші Ақбота Сейітмағамбет шаңырақты ер адам басқарғаны дұрыс дейді.

«Мен ер адамға бағынамын. Ер адам басқарғаны дұрыс. Бірақ, ер адамға қарағанда біздің интуициямыз жақсы жұмыс істейді. Біз қалай ойлаймыз солай болады», – дейді әнші Ақбота Сейітмағамбет.

Оқи отырыңыз:

Ұлын айналып-толғанған Қайрат Нұртас елді сүйсінтті (видео)

Балықшы балығын алып қойған Алтынай Жорабаеваға ұрсып тастады (видео)

Сұлулығымен елді сүйсінткен қазақ актрисасы сексуалды суретін жариялады (фото)

Ер адаммен билеп тұрған Нұрлан Еспанов камераны көріп ұялып қалды (видео)

Талқылау