Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық қыз полицейлер зорлықшылардың сөзін сөйлеп отыр деп айыптады

Қарағандыда полицейлер қыз зорлаған қылмыскерлердің жазадан құтылып кетуі үшін көмектесіп келген. Олардың саны екеу болғанымен, темір торға біреуі ғана тоғытылған.

7878

Бұл туралы “Новый Вестник” хабарлайды.

Өткен жылы күзде құрбысымен пәтер жалдап тұрған Марияны қонаққа келген жігіттер зорлайды. “Олар мені ұрды, қинады, зорлады. Осының бәрін видеоға түсіріп, мәз болды. Арасында темекі ме, есірткі ме шекті” дейді Мария.

Олар қызды кешкі 10-нан таңғы 4-ке дейін зорлаған. Оған не көршілері, не құрбысы көмекке келмеген. Сосын Марияны қаланың сыртына алып шығып, жартылай жалаңаш күйінде көше ортасына тастап кетіпті.

“Мені ауруханаға алып келген кезде барып есімді жидым. Ол жерде мені қарап, анализ алды. Полицейлер бірден менің пәтеріме барған. Ол жерде қан іздері де, шаш қиқымдары да болған”, – дейді зардап шегуші.

Ал кейін полицейлер Марияның басқа жалдамалы пәтерге алып келіп, ұялы телефонын тартып алып, барлығы қыз үшін жасалып жатқанын айтыпты. Осыған ол біраз уақыт сеніп жүрген. Бірақ, туыстарымен байланыстыруға мүмкіндік бермегені оны алаңдата бастайды.

“Менің жүйкем тозып кетті. Мені зорлағанын да, қинағанын да ешкім білмейді. Сосын әлгі полицейлер маған 500 доллар ұсынды. “Осы ақшаны ал да, қаладан кетіп қал. Шағым жазба” деді олар. Алмап едім, олар мені күштей бастады. Ақыры барлық құжатқа қол қойдым, сосын барып мені босатты”, – дейді ол.

Бірақ, кейін Мария сотта өзіне қалай қысым көрсеткенін айтады. Екінші жолы сот қыздың қатысуынсыз тек күдіктілермен өткізіледі. Полицейлер өз білгенін істеп, тіпті оны зорлағандардың туыстары қызды бопсалап, қорқыта бастаған. Бірақ, кейін бұл іске Бас прокуратураның көзі түседі. Бірден прокурор тағайындап, барлық материалдар тексерілген. Сондай-ақ, “Немолчи” деп аталатын қоғамдық ұйым да көмекке келген. Енді күдіктілер өз жазасын алып, полицейлер де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Астанада балдақпен жүрген бойжеткенді мейрамханаға кіргізбей қойған

Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз кесіп алған

Рамазаннан кейінгі 6 күндік нәпіл ораза жайлы не білеміз?

Қызылордада дін қызметкерлері көпбалалы отбасыға үй салатын құрылыс материалдарын әкеп берді

Талқылау