Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық қыз ұрыс естімеу үшін белгісіз біреу зорлады деп өтірік айтқан

Қарағандыда 21 жастағы қыз он күн хабарсыз кетіп, ата-анасынан сөз естімеу үшін белгісіз біреудің зорлағаны туралы өтірік айтқан. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қыз құрбысына хабарласып, қонақ үйде екенін айтқан. Ол белгісіз біреудің қонақ үйге алдап алып барып, зорлағанын айтып берген. Құрбысы оны полицияға алып барып, тергеушіге зардап шегуші ретінде қылмыс туралы баяндаған. Тергеу-жедел топ оны 10 күннің ішінде көрген барлық таныстарын Михайловский полиция бөліміне жеткізген. Алайда, олардың барлығының қылмысқа қатысы жоқтығы білгілі болды.

Жоғалып кеткен қыз қосымша тергеу барысында зорлағаны туралы оқиғаны өзі ойлап тапқанын мойындады. Қыз тергеушінің алдында жылап, он күн үйде болмағаны үшін ата-анасынан қорыққандықтан осындай әрекетке барғанын айтқан.

Қазіргі уақытта белгісіз біреудің зорлық жасауы туралы қылмыстық іс тоқтатылды. 21 жастағы қыздың өзі күдікті болып отыр. Оған адвокат бекітіліп, үстінен ҚР ҚК 419-бабы 2-тармағы «жалған түсініктеме беру» бойынша іс қозғалды.

Тағы оқыңыз:

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының экс-директоры аз қамтылған отбасылардың жәрдемақысын алып отырған

ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті

Жынысын ауыстырған трансгендер дүниеге сәби әкелді

Салмағы шоколадпен тең сәби дүниеге келді, дәрігерлер оны аман алып қалды

 

Талқылау