Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық кәсіпкер далада қалған отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады (фото)

Қарағандылық Дмитриевтер отбасында нағыз қуаныш! Жаңа жыл қарсаңында далада қалған Евгенийдің жанұясына жергілікті кәсіпкер қол ұшын беріп, үш бөлмелі пәтер алып берді. Бұған дейін Қарағанды әкімдігі сотқа арызданып, Евгенийді отбасымен бірге пәтерінен қуып шыққан еді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Facebook желісінде Азамат Сүлейменов жазды.

“Жаңа жыл қарсаңында есімін жасырып қалған кәсіпкер нағыз ғажап сый жасады. Естеріңізде болса, бұған дейін әкімдіктің сот арқылы жетім өскен Евгений Дмитриев пен оның екі баласын пәтерден қуып жатқанын жазған едім.

Бұл туралы ақпарат БАҚ-та жарияланғаннан кейін “Нұр Отан” партиясының Қарағанды облыстық филиалына бір кәсіпкер келді. Ол Евгенийге көмектесуге ниет білдірді. Мінеки, жұмбақ кәсіпкер үш бөлмелі пәтер алып, оны Евгенийдің атына рәсімдеді. Жақсылық жасаңыздар. Жаңа жылдарыңызбен”, – деп бөлісті автор.

“Караван” басылымының хабарлауынша, Евгений көпбалалы отбасында дүниеге келген. Бір үйдің жетінші перзенті. Тағдырдың жазуымен жесір қалған анасы жеті перзентін өзі баққан. Алайда Евгений 6 жасқа толғанда ол да өмірмен қош айтысқан. Содан бастап қарағандылық Женя балалар үйінде тәрбиеленген. Бүгінде өзінің отбасы, екі баласы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Байзақова атышулы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты (видео)

Атышулы “Қалаулым” қатысушысы Ресей әншісімен төсектес болғысы келетінін айтты

Ернар Айдар науқас жігітке сыйлық жасады (видео)

Өскемендік оқушы мұздан мүсіндер жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты

 

Талқылау