Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық қыз дүкенде азғындық жасап тұрған ер адамды көрді

Желіде қарағандылық қыздың «Юбилейный» дүкеніне барғандағы не көргені жайлы жазбасы тарады. Ол ломбард жанында ер адамның жыныс мүшесін көрсетіп азғындық әрекет жасағаны жөнінде жазды.

img-20150805113452-222

 

«Қатты таң қалып қарадым. Дүкенге кіре салып күзетшіні іздедім. 3 сатушыдан сұрап едім олар білмейтін болып шықты. Тек бір қыз ғана менің күзетшіні не себепті іздеп жүргенімді сұрады. Ол үлкен жастағы әйел адамды шақырып, мәселенені шешпек болды», – деп жазады ол.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін NV.KZ тілшісі аталған дүкен қызметкерлеріне хабарласып көрді. Есімін атаудан бас тартқан ер адам мұндай жағдайдың болмағанын айтты.

-Сіздіңше мұндай жағдай болмады ма?

-Мен солай деп ойлаймын.

-Ал, егер осындай жағдай болып, әркім білгенін істесе, ол күзетшінің көзіне түсе ме?

– Енді қалтарыстар көп қой. Соның бірінде байқалмай қалуы мүмкін.

Осылай деп жауап берген ер адам мұны жариялаудың қажеті жоқ екенін, мұның сандырақ екенін атады.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде интернет-дүкендердің алаяқтығы әшкере болды

Алматы облысының шенеуніктері жылап барған жалғызбасты анаға жекіп тастаған

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасқа келгенде ұлды болды

Талқылау