Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы кішкентай қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі болып шықты

Үш жасар Айзере Какарманованың өліміне қатысты тексеріс аяқталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті Қарағандының инфекциялық ауруханасында көз жұмған үш жасар Айзере Какарманованың өліміне қатысты тексерісті аяқтады.

Департамент комиссиясы облыстық инфекциялық аурухананың қызметкерлерінің жұмысынан шикілікті анықтады. Дәл осы жағдай бала өліміне себепші болды ма, жоқ па – ол тергеу барысында белгілі болады. Медицина қызметкерлерінің жұмысында жол берілген кемшіліктер мен бала өлімінің арасындағы байланыстарды Қарағанды ІІД айқындайды.

Комиссияның анықтауынша, кезекші дәрігер жұқпалы аурулар маманы емес, педиатр болып шықты.

Комиссия қабылдау бөлімі дәрігерінің, емдеуші дәрігердің және медбикелердің әрекеттерінен кемшілік тапты.

«Тексеру актісімен таныстым. Онда дәрігерлердің әрекеттеріндегі ҚР ҚК 317-бабының («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») 3-бөлігінде және Қылмыстық кодексінің заңсыз медициналық қызметпен айналысу туралы 322-бабының 3-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық белгілері қарастырылған», – дейді Айзеренің анасы Диана Какарманова.

Комиссия қорытындылары Қарағанды ІІД Михайлов полиция бөлімінің тергеушісіне беріледі. Нақты күдіктілер жоқ.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсанда Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында үш жасар қыздың жұмбақ жағдайда көз жұмғандығы белгілі болды.

3 жасар Айзере Қақармановның ата-анасы қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Таразда жоғалған сарбаз: Біреулер хабарласып ұлымыздың қол-аяғын байлап ұстап отырғандарын айтты

Ақтөбелік ардагер: Әйел мұғалімдердің көптігінен қоғамда қыз мінезді жігіттер тәрбиеленіп жатыр

Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қыздарға ескерту жасап жүрген азамат өз әрекетін түсіндірді

Іздеуде жүрген 17 жастағы қыз Алматыдағы жезөкшелер үйінен табылды

 

Талқылау