Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот үкіміне наразы болған қарағандылық өзінің ішін тілгілеп тастады

Жезқазған қалалық сотының ғимаратында Қарағанды облыстық сотының аппеляциялық алқасының қаулысына наразылық ретінде шағымданушы пышақпен ішін жарақаттады.

20170517151147

Жезқазған қалалық сотынан хабарланғандай, ер адам негізгі ғимаратта емес, сот холында өзіне жарақат салды.

«Ер адам бақылау-өткізу пунктінен турникет арқылы өткен жоқ. Ол сот холында болды», – деп хабарлады сотта, ол тікелей сот шешіміне қанағаттанған.

«Шахтер болып жұмыс істеген шағымданушы жұмысында қалды. Жұмыстан босату туралы бұйрық жойылған», – деп хабарлады сот өкілдері.

20170517151140 (1)

Алайда «Қазақмыс» компаниясы – жұмыс берушінің заңгерлері апелляциялық шағым түсірген. Шағым облыстық соттың азаматтық және әкімшілік іс бойынша апелляциялық алқасының қаулысымен қанағаттандырылды, сот қаулысына наразылық танытқан талапкер Жезқазған сотына келіп, сот төрағасымен кездесуді талап еткен.

Ол төрағаға кіру үшін белгіленген күні қабылдауға жазылу туралы ұсыныс алған соң пышақпен қарнын тіле бастаған. Поста кезекшіліктегі қызметкерлер дәрігер шақыртты. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Тағы да оқыңыз:

20 жасында Apple компаниясына шақырту алған қазақ жігітінің қайғылы тағдыры

ҰҚК Қызылордада қылмыстық мұнай бизнесімен айналысушыларды ұстады (фото, видео)

Тұрғынның 16 жыл бойы жинаған асығы ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылады

Талқылау