Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда көлік жүргізушісі қоларбадағы баланы қағып кетті

Қарағандыда тұрғын үй ауласында қоларбадағы баланы қағып кетті.

Жүргізуші қоларба сүйреген әйелді байқамаған, деп жазады liter.kz.

Соның салдарынан 2016 жылы туған сәбидің сол жақ сан сүйегі, үлкен жіліншігі,  сол жақ білегі жарақаттанды. Сәби аруханаға жеткізілді.

Кінәлі жүргізуші куәлігінен 2 жылға айырылды. Өзі 160 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді. Материалдық шығын үшін 45 мың, моральдық шығын үшін 500 мың теңге төлейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау